ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ТРЕНИНГТЕР ЖАЛҒАСУДА
Астана және Павлодар қалаларында Savvy Business sLTD және Каподистрия атындағы Афины ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырған инклюзивті білім беру бойынша ауқымды тренинг жалғасуда. 9 күндік тренингке ЖОО профессор-оқытушылар құрамы және мектеп педагогтары арасынан барлығы 200-ден астам тыңдаушы қатысуда.
Астанада тренингті ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Джарасова ашты. Өз сөзінде ол қазіргі білім беру жүйесінде инлюзивті тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, бұл жоба әр баланың жайлы және қауіпсіз білім беру ортасында болуы үшін маңызды қадам болатынын айтты.
Оқыту көптеген практикалық және интерактивті сабақтарды қамтиды, сондай-ақ педагогтар әдістер мен тәжірибелермен танысады. Атап айтатын болсақ, инклюзивті білім беру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар, инклюзивті білім берудегі бірлескен тәжірибелер, оқытуға арналған әмбебап дизайн, сараланған оқыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесі, жеке білім беру бағдарламалары және жеке инклюзия жоспарларын пайдалану сияқты әдістер мен тәжірибелер ұсынылады.
Тренинг Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҚР ҒЖБМ іске асыратын «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Инклюзивті білім беру бойынша оқыту ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -