КӨКЖИЕКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ: ПЕНСИЛЬВАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Penn State (Pennsylvania State University) өкілдерінің делегациясымен кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Күн тәртібіндегі басты мәселе Қазақстанда Пенсильвания мемлекеттік университеті филиалының ашылуын талқылау болды. Екі тарап та елдің ғылыми әлеуетін дамытуға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға маңызды үлес қосатын жаңа білім беру орталығын құруға қызығушылықтарын білдірді.
Сонымен қатар кездесуде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша мәселелер қаралды. Қазақстандық студенттерге сапалы білім алуға және екі жетекші жоғары оқу орны – Пенсильвания мемлекеттік университеті мен қазақстандық университеттердің дипломдарын алуға мүмкіндік беретін өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары мен нысандары талқыланды.
Министр Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы тарапынан ынтымақтастықты қолдау тақырыбын атап өтті. Адами капиталды дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған бағдарлама бірлескен жобалар мен бастамаларды табысты іске асырудың маңызды құралы бола алады.
Кездесу барысында министр қонақтарға Қазақстанда жоғары білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларды таныстырды. Білім беру сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауға және инновацияларды қолдауға бағытталған реформалардың негізгі бағыттары мен жетістіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.
Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдіріп, білім беру байланыстарын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Пенсильвания мемлекеттік университетінің филиалын ашу және бірлескен бағдарламаларды іске асыру қазақстандық студенттер мен ғалымдарға екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және елдегі ғылым мен білім беруді дамытуға ықпал ете отырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -