MICHIGAN STATE UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: Астана қаласы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

MICHIGAN STATE UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінен (MSU) ғалымдар делегациясы келді.

Шетелдік ғалымдар жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді және жаңа сын-қатерлерді талқылауға арналған семинар өткізу мақсатында шақырылды. Семинар екі панельдік пікірталас алаңынан тұрды.

MSU докторы Рияд Шахжахан жүргізген бірінші панель «Жаһандық жоғары білім берудегі рейтингтер» тақырыбына арналды. Қатысушылар университеттер арасындағы рейтингтерінің маңыздылығын, олардың білім беру мекемелерінің халықаралық беделіне әсерін, сондай-ақ студенттерді тарту мен зерттеулерді қаржыландыру мәселелерін талқылады.

«Жоғары білім беруді зерттеу өрісі» тақырыбында өткен екінші панель MSU докторы Брэндан Кантвелл жетекшілігімен өтті. Пікірталас аясында академиялық саланың дамуы, оның өсуі және әлемдік білім беру қауымдастығына әсері талқыланды. Қатысушылар жоғары білім беру саласындағы негізгі тенденцияларды, әдіснамалық тәсілдерді және зерттеулердің негізгі нәтижелерін қарастырды.

Сапар бағдарламасы бойынша QyzPU кампусына экскурсия жасалып, университет өкілдерімен кездесу өтті, докторанттар өз жұмыстарын ұсынып, тақырыптар бойынша талқылау өткізді.

Семинар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және білім беру тәжірибесін байытуға ықпал ете отырып, екі университеттің ғалымдары арасында білім мен тәжірибе алмасу платформасын ұсынады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінен (MSU) ғалымдар делегациясы келді.

Шетелдік ғалымдар жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді және жаңа сын-қатерлерді талқылауға арналған семинар өткізу мақсатында шақырылды. Семинар екі панельдік пікірталас алаңынан тұрды.

MSU докторы Рияд Шахжахан жүргізген бірінші панель «Жаһандық жоғары білім берудегі рейтингтер» тақырыбына арналды. Қатысушылар университеттер арасындағы рейтингтерінің маңыздылығын, олардың білім беру мекемелерінің халықаралық беделіне әсерін, сондай-ақ студенттерді тарту мен зерттеулерді қаржыландыру мәселелерін талқылады.

«Жоғары білім беруді зерттеу өрісі» тақырыбында өткен екінші панель MSU докторы Брэндан Кантвелл жетекшілігімен өтті. Пікірталас аясында академиялық саланың дамуы, оның өсуі және әлемдік білім беру қауымдастығына әсері талқыланды. Қатысушылар жоғары білім беру саласындағы негізгі тенденцияларды, әдіснамалық тәсілдерді және зерттеулердің негізгі нәтижелерін қарастырды.

Сапар бағдарламасы бойынша QyzPU кампусына экскурсия жасалып, университет өкілдерімен кездесу өтті, докторанттар өз жұмыстарын ұсынып, тақырыптар бойынша талқылау өткізді.

Семинар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және білім беру тәжірибесін байытуға ықпал ете отырып, екі университеттің ғалымдары арасында білім мен тәжірибе алмасу платформасын ұсынады.

Аймақтағы жаңалықтар