NU-ДА 10-ШЫ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЛЕГІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТТЫ РӘСІМІ ӨТТІ
Биыл 1 507 адам диплом алды, оның ішінде 54 шетелдік студент бар: атап айтқанда, 1 038 бакалавр, 408 магистр, 42 PhD және 19 медицина докторы. Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі және Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі ең көп маман дайындады. Рәсім курстың үздік студенттері, ЖОО басшылығы мен профессорларының, Парламент депутаттарының, университеттің Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің, министрліктер мен компаниялар өкілдерінің, сондай-ақ өткен жылдардағы түлектердің қатысуымен әлемдегі ең мықты жоғары оқу орындарының үлгісінде өтті.
Түлектерді оқу бітіруімен ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов құттықтады.
«Мұндай университетте білім алу – біздің студенттер үшін мақтаныш қана емес, сондай-ақ үлкен жауапкершілік. Сондықтан олар университет қабырғасында жүріп алған білімдерін елімізді және экономикамызды дамыту үшін пайдаланады деп сенемін. Барлық түлектерге табыс тілей отырып, оқытушыларға да алғыс айтқым келеді», - деді Аймағамбетов NU бакалавриатты аяқтаған 10 үздік студентке диплом табыстағаннан соң.
«NU – еліміздің негізгі зерттеу университеттерінің бірі. Елдегі инновациялық зерттеулер мен жоғары білімге жетекшілік ете отырып, ол сіздер сияқты талантты көшбасшыларды тәрбиелейді. Мен өз сөзімді NU оқытушылары мен басшылығына, ғылыми инфрақұрылымға, сіздердің адалдықтарыңыз бен еңбекқорлығыңызға алғыс айтудан бастадым. NU әлемдегі ең үздік 100-ге жуық жас университеттің және Азиядағы үздік ЖОО-лардың 11%-ы қатарына кірді және, әрине, Қазақстандағы №1 зерттеу университеті болып отыр», - деді Саясат Нұрбек.
Алғашқы бітіру салтанатынан бастап инженерия, жаратылыстану ғылымдары, технологиялар және гуманитарлық ғылымдар салалары бойынша барлығы 8 746 адам NU дипломын алды. Биылғы түлектерді және оқуын жалғастырып жатқан студенттерді қоса санағанда, 15 мың адам NU “ДНҚ-сын тасымалдаушы” қауымдастықты құрайды. Олардың негізгі ерекшеліктері – академиялық адалдық пен транспаренттілік қағидаларын ұстануы, сыни ойлау қабілеті мен білімге құмарлығы, бастамашылдығы.
Жұмысқа тұрған NU түлектерінің көбі Қазақстан экономикасының игілігіне қызмет етуде, ал NU-ды бітіргеннен кейін 10 бакалаврдың төртеуі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында, соның ішінде NU-да немесе шетелде оқуын жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -