Орманды өрттен қорғау
Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Павлодар облысында өрт қауіпті кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді. Оған Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қ.З.Шаймарденов және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О. Т. Уәлиханов қатысты.
Орман қорының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 7-14 шілде аралығында облыс аумағында «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде орман қорында 49 мобильді топпен 122 профилактикалық рейдтік іс-шаралары өткізілді, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 11 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Туристік базалардың, қонақ және демалыс үйлерінің, пансионаттар мен сауықтыру лагерьлерінің, балалардың жазғы демалыс орындарының иелері және қызметкерлерімен 25 кездесу өткізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша 41 ұсыныс берілді.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыстың орманды дала алқаптарында 1 152 рейдтік іс-шара өткізілді, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылардың 176-сы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 184 нұсқаулық, 366 жиын және дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет табиғат қорғау және орман мекемелерімен, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, табиғи өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында 32 оқу-жаттығу өткізді.
Елді мекендерде, орманды-дала алқаптарында, автомобиль және темір жол бойында 11 мың км астам көлемде минералдандырылған жолақтар орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қор аумағында «Ертіс Орманы» МОТР РММ және «БМТҰП» 2 авиаборттың кезекшілігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері жоқ облыс бойынша табиғи өрттерге бірінші кезектегі жедел ден қоюды 59 өрт сөндіру бекеті және 126 ерікті өртке қарсы құрылымдары өртке қарсы қорғауды жүзеге асырады.
Жалпы өрт қауіпті кезеңнен өту Департаменттің қатаң бақылауында.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -