Орманшылықтарда күзетшілер қойылған: Астана қаласы, 04 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

Орманшылықтарда күзетшілер қойылған

ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу іс-шаралары кешенін қамтамасыз етуде.

Өрт қауіптілігі жоғары класс кезеңінде орман өрттеріне уақтылы ден қою үшін ТЖМ күштерімен орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 31 орман мекемесі күзетпен қамтылып, 34 уақытша бекет ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, өрт қаупі бар өңірлерде табиғи өрттердің туындауына жедел ден қою үшін су төгетін құрылғылары бар тікұшақтардың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Табиғат қорғау және орман мекемелерімен өрт кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша 328 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Бұдан басқа, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ бөлімшелерімен шекара маңындағы және шектес аумақтарда туындайтын табиғи өрттер кезінде өзара іс-қимылды пысықтау бойынша кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде.

Сонымен қатар, өрттердің жан-жақты алдын алу мақсатында орманды дала алқаптарда мобильді топтардың рейдтері жүргізілуде. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, шаруа қожалықтарын аралау, нұсқамалар өткізу, өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын тексеру және ұсынымдары бар арнайы жадынамалар тарату жалғасуда.

Биыл Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай, Жетісу, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында орманды дала өрттері тіркелді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрттер уақтылы жойылды.

Өрттердің туындау жоспарында негізінен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Абай облыстарында кездесетін қылқан жапырақты орман алқаптары ықтимал қауіпті болып табылады.

Жазғы маусымда өртті болдырмау үшін ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және өрт фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады.

Шөпті жағуға, сондай-ақ ормандарда, қалың бұталарда, егіннің жанында от жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, шыны заттарды және өздігінен жанатын материалдарды тастамаңыз.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар