Прокурорлар "Таза Қазақстан" акциясына қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республиканың барлық өңірлерінде бес апта бойы "Таза Қазақстан" атты ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде және онда әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.
Бүгін, ағаш көшеттерін отырғызуға арналған "Жасыл аймақ" экологиялық акциясының үшінші аптасы аясында Бас прокуратураның басшылығы Астана қаласы Алматы ауданының аумағында орналасқан "Отан қорғаушылар" алаңының жанындағы скверге ағаш отырғызуға қатысты.
Сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан прокуратура органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері Керей, Жәнібек хандар көшесінің бойында қала аумағын көгалдандыру мен тазалауда өз күштерін салды.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарау.
Прокурорлар барлық азаматтарды "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысуға және туған өлкенің өркендеуіне үлес қосуға шақырады!
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -