ҚР СІМ-де Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Астана, 2024 жылғы 24 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Сербияның Қазақстандағы Елшісі Владимир Йовичич екіжақты ынтымақтастықтың «сағаттарын теңестірді».
Тараптар екі ел арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқанын, делегациялардың белсенді алмасуын қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
2024 жылдың қыркүйегінде Белградта өтетін Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысына дайындыққа, оның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды (ҮАК-ның тең төрағасы қазақстандық тараптан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұманғарин, серб тарапынан – Сербия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі И. Дачич).
Р.Василенко ҮАК-тың кезекті отырысын өткізу сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ықпал ететінін және жоғары деңгейде сапарлармен алмасу үшін берік негіз қалайтынын атап өтті.
ҚР МКК деректері бойынша 2024 жылғы қаңтар – мамыр аралығында екіжақты сауда көлемі 31,7 млн АҚШ доллар.
2023 жылы 91,2 млн (өсім 23,3%), оның ішінде қазақстандық экспорт – 11,4 млн (+38,7%), Сербиядан импорт - 79,8 млн (+21,3%).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -