ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КАДРЛАРДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Халықаралық білім беру корпорациясында «Сәулет және құрылыс» кадрларды даярлау бағыты және «Дизайн» секциясы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Жиынға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Alumen Group» холдингі, KAZGOR жобалау академиясының және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары өкілдері қатысты.
Отырыстың мақсаты – жоғары білім мен өндірісті интеграциялаудың өзекті мәселелерін, құрылыс саласындағы ең жаңа әзірлемелерді, білім беру бағдарламаларындағы жетістіктерді, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру, геодезия және картография салаларында және дизайн саласында PhD докторлары бойынша кадрлардың тапшылығы мәселесін талқылау.
Кездесу барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, академиялық қауымдастықтың, құрылыс, сәулет және дизайн салаларының мамандары мен сарапшыларының 100-ден астам өкілі жиналып, пікір алмасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -