САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПОРТАЛЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ: Астана қаласы, 30 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПОРТАЛЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдары, ғылыми ұйымдары және ЖОО-ларымен бірлесе ұйымдастырған бейнеконференц-байланыс форматындағы кеңес өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталын құру болды.

ҚР ҒЖБМ цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов порталдың есеп жүйесін құру, ғылыми зертханалар мен ҒЗИ бойынша деректермен толықтыру туралы ақпаратты ұсынды.

Кездесуге жетекші ғылыми сарапшыларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлерін қоса алғанда 60-қа жуық адам қатысты. Қатысушылар порталдың мазмұны мен деректермен толтырылуын талқылады, сондай-ақ оның модульдерін әзірлеуге байланысты өзекті мәселелерді қарастырды.

Кеңеске қатысушылар цифрлық Ғылыми портал құру бойынша тұрақты талқылауға дайын екендіктерін білдірді. Министрлік порталдың жекелеген модульдері бойынша одан әрі тақырыптық кеңестер жоспарлауда.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдары, ғылыми ұйымдары және ЖОО-ларымен бірлесе ұйымдастырған бейнеконференц-байланыс форматындағы кеңес өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталын құру болды.

ҚР ҒЖБМ цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов порталдың есеп жүйесін құру, ғылыми зертханалар мен ҒЗИ бойынша деректермен толықтыру туралы ақпаратты ұсынды.

Кездесуге жетекші ғылыми сарапшыларды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен қызметкерлерін қоса алғанда 60-қа жуық адам қатысты. Қатысушылар порталдың мазмұны мен деректермен толтырылуын талқылады, сондай-ақ оның модульдерін әзірлеуге байланысты өзекті мәселелерді қарастырды.

Кеңеске қатысушылар цифрлық Ғылыми портал құру бойынша тұрақты талқылауға дайын екендіктерін білдірді. Министрлік порталдың жекелеген модульдері бойынша одан әрі тақырыптық кеңестер жоспарлауда.

Аймақтағы жаңалықтар