ШҚТУ ASTANA MOTORS-ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина мен «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС директоры Максим Тарасовтың ресми кездесуі барысында анықталды.
Кездесу қорытындысы бойынша жол картасы әзірленіп, көлік индустриясы үшін білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру және ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейтін меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық бағыттарының бірі - Astana Motors Manufacturing Kazakhstan қызметкерлерін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Лу Бань шеберханасы» базасында біліктілікті арттыру курстық даярлығы шеңберінде оқыту, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жабдықтарына бағдарланған бірлескен виртуалды оқыту қосымшаларын әзірлеу.
ASTANA MOTORS Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауыты – бұл Changan, Haval, Chery және т.б. брендтерге арналған өндірістік алаңдар дайындалатын салынып жатқан жас зауыт.
«Ұзақ мерзімді жоспарларды табысты жүзеге асыру үшін зауытқа сенімді серіктестер қажет, олардың бірі біздің университет болды. Бұған дейін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan өкілдері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға барып, қызмет бағыттарымен және материалдық-техникалық базасымен танысып қайтты. Сапар барысында автозауыт өкілдері «Лу Бань шеберханасы» жобасын жүзеге асыруға ерекше қызығушылық танытты, оның шеңберінде университет электромобильдер мен гибридті автомобильдерге, сондай-ақ автомобильдердің SMART – жүйелеріне маманданған инженерлерді дайындайды», - деді ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле.
Болашақта ASTANA MOTORS Manufacturing Kazakhstan қызметкерлерін бақылау-өлшеу машиналары, 3D сканерлер мен принтерлер саласында мамандарды даярлауды арттыру шеңберінде ШҚТУ құзыреттілік орталығы базасында оқыту жоспарлануда; жобалар бойынша бірлескен жұмыстар – VR (автомобиль тораптарын құрастыру имитаторлары, цехтардағы жұмыс қауіпсіздігі қағидалары бойынша); ШҚТУ алаңында заманауи автоматтандыру және басқару зертханасын құру; ШҚТУ автоматтандыру және мехатроника саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының базасын жаңғырту.
Сондай-ақ, серіктестер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan алаңында университет ашу мүмкіндігін және кәсіпорында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының тағылымдамасын, сонымен қатар студенттердің өндірістік тәжірибесін қарастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -