Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен а.ж. 11 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.
Арнайы шақыртумен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу қызметінің аса маңызды істері жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғырту мәселелерін көтерді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, шектеулерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеуді қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесі мен жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбау, бұрын жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау мәселелеріне тоқталды.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беру және алу жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, бағынышты тұлғаларының сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгеніне, бұдан басқа, басшының ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі енгізілгеніне де тоқталды.
Жемқорлыққа қарсы реформаның төрт пакеті туралы анықтама мен түсіндірме жүргізіліп, қарастырылып жатқан мәселелерді айтып өтті.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды және оны үйлестіруді қозғады.
Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайтуға көңіл бөлу туралы айтты.
Семинар барысында қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлық сенің еліңіздің ғана емес, жақын адамдарыңыздың өмірін де бұзады» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне – ролик көрсетілді.
Спикер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарының қарастырылатынын хабарлады.
Жансая Қаршығақызы Молдағалиева
ҚР ЦДИжАӨМ Әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -