ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ: Астана қаласы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» атты өңірлік жобалық кеңсесі ашылды.

Жоба ҚР Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру.

Кеңсенің тұсаукесеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жобалық кеңсесінің өкілдері және оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Жиында сөз бастаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесін кадрлық қажеттіліктерге неғұрлым нақты бағдарлау мақсатында форсайт-зерттеулер жүргізудің, кадрларға өңірлік қажеттілік карталарын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ кадрларды даярлаудың өңірлік жүйесін жергілікті сұраныспен байланыстыру, университетте ғылымды дамыту, жастарды ғылымға тарту, жоғары білім беруді интернационалдандыру және цифрлық экожүйені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды. Жобаның бүгінге дейінгі  негізгі көрсеткіштерін жіктеп атады.

Университет ректоры Жанар Темірбекова жобаның маңыздылығына тоқталып, оның Түркістан облысын кадрлармен қамтамасыз етудегі құндылығын атап өтті және қатысушыларға жаңа қажетті дағдыларды меңгеруде сәттілік тіледі.

«Аталған жобаға қатысты университеттегі әріптестеріміз былтырдан бері белсенді жұмыс істеді. Астана мен Алматы қалаларында түрлі оқыту семинарларына кеңінен қатысты. Ендігі кезекте, екінші кезеңге – өңірлік жобалық кеңсені құруға, өз командамызды қалыптастыру кезеңіне жеттік. Бұл барлығымыз үшін аса маңызды. Себебі Түркістан облысының негізгі кадрларын даярлайтын өңірлік орталық –  Ахмет Ясауи университеті», - деді ол.

Айта кетейік, «Мамандығым-болашағым» жобасы шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бойы интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша курс түлектері өңірлік жобалық кеңсе командасын құрып, Түркістан облысының кадрлар қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға бағытталған аймақтағы негізгі сала мамандарының қатысуымен форсайттық зерттеулер жүргізеді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар