ТОҚЫМА ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫ ҮШІН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматы технологиялық университетінде «Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау мәселелері және даму бағыттары» атты форумы өтті.
Форумның мақсаты – тоқыма және жеңіл өнеркәсіп үшін білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдардың, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, бейінді кәсіпорындар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлеу.
Кеңес Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның тоқыма және жеңіл өнеркәсіп саласындағы жетекші сарапшылары мен өкілдерін, бұл бағыт бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын қазақстандық жоғары оқу орындарының және 30-дан астам кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «KAZAKH INVEST» АҚ Ұлттық компаниясы», «Атамекен» ҚР ҰКП, Akdeniz University профессоры (Түркия), «Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QazTextileIndustry» өзін-өзі реттейтін ұйым заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы» өкілдері пікір алмасты.
Іс-шара мемлекеттік органдар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, бейінді кәсіпорындар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл кадрларды даярлау мен түлектердің еңбек нарығына сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -