UALIKHANOV UNIVERSITY-ДЕ KAZTEA МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Ualikhanov University-де қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы Ualikhanov University және Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен бірлесіп «Transformative Learning in Kazakhstan Education Context» тақырыбында «KazTEA» ағылшын тілі мұғалімдерінің халықаралық XX мерейтойлық конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты – цифрландыру дәуірінде оқыту сапасын арттыру және «Сапалы білім: Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында оқушылардың танымдық дағдылары мен қажеттіліктерін ескеретін аралас оқытуды енгізудің педагогикалық және техникалық сын-қатерлерін талқылау.
Қатысушылар инновациялық әдістерді көрсету, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен көрмелерді қамтитын 9 секция бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Конференция ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік арсеналын байытып, кәсіби көкжиегін кеңейтіп, кәсіби өсу мүмкіндігімен қатар білім мен идеялар алмасу алаңына айналды.
Конференцияға Қызылорда, Қостанай, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Астана, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Тараз, Орал, Павлодар сияқты Қазақстанның түрлі қалаларынан, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Ресей және АҚШ-тан 240-тан астам мұғалімдер мен оқытушылар қатысты.
Конференцияға АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстандағы Oxford University Press демеушілік жасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -