UTEBAYEV UNIVERSITY: ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: Астана қаласы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

UTEBAYEV UNIVERSITY: ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Utebayev University ректоры Гүлзада Шакуликова мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың мақсаты – ғылыми білім беру сапасын арттырып, әріптестікті дамыту және жоғары білікті кадрларды бірлесіп даярлау. Университет білімгерлері Ұлттық геологиялық қызмет базасында тағылымдамадан, дуалдық оқудан өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Ұлттық геологиялық қызмет – еліміздегі геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор. Тараптар геология саласындағы идеялар мен ақпараттармен алмасу, білікті мамандардың дәрістерін, кәсіптік семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру секілді басқа да маңызды жұмыстарды атқарады. Бұл өз кезегінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен білімгерлерге, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын қадам болары анық.

Сала мамандарының жаңа буынын даярлауда геологиялық барлаудың озық әдістері мен технологияларын саралап, соның ішінде зерттеудің заманауи геологиялық әдістерін қолдану, жаңа технологияларын зерделеу арқылы құзыреттерді игеру маңызды. Utebayev University «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығын оқытады.

Халықаралық әріптестік аясында «Мұнай және газ табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» мамандығында білім алушылар үшін Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті профессорларының дәрісі ұйымдастырылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Мектеп-ЖОО» жобасы аясында университет Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан оқушыларға арналған Geocamp геология клубын ашты.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
UTEBAYEV UNIVERSITY: ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Utebayev University ректоры Гүлзада Шакуликова мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі тарап арасындағы ынтымақтастықтың мақсаты – ғылыми білім беру сапасын арттырып, әріптестікті дамыту және жоғары білікті кадрларды бірлесіп даярлау. Университет білімгерлері Ұлттық геологиялық қызмет базасында тағылымдамадан, дуалдық оқудан өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Ұлттық геологиялық қызмет – еліміздегі геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор. Тараптар геология саласындағы идеялар мен ақпараттармен алмасу, білікті мамандардың дәрістерін, кәсіптік семинарлар, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру секілді басқа да маңызды жұмыстарды атқарады. Бұл өз кезегінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен білімгерлерге, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын қадам болары анық.

Сала мамандарының жаңа буынын даярлауда геологиялық барлаудың озық әдістері мен технологияларын саралап, соның ішінде зерттеудің заманауи геологиялық әдістерін қолдану, жаңа технологияларын зерделеу арқылы құзыреттерді игеру маңызды. Utebayev University «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығын оқытады.

Халықаралық әріптестік аясында «Мұнай және газ табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» мамандығында білім алушылар үшін Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті профессорларының дәрісі ұйымдастырылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар «Мектеп-ЖОО» жобасы аясында университет Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан оқушыларға арналған Geocamp геология клубын ашты.

Аймақтағы жаңалықтар