ВИЦЕ-МИНИСТР ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ БОЛОН ПРОЦЕСІ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Тирана қаласында (Албания) Бельгия мен Қасиетті Тақтың бірлескен төрағалығымен ұйымдастырылған Болон процесі бақылау тобының (BFUG) 91-ші отырысы өтті. Іс-шараға Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі (ЕЖББК), Орталық Азия және Кавказ елдерінің білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ серіктес ұйымдар, соның ішінде ЕО, EURASHE, EUA, ENQA, ESU, ЮНЕСКО және EQAR қатысты.
Конференцияның ашылуында Албанияның Білім және спорт министрі Ортега Манастирлиу, инновациялар, зерттеулер, мәдениет, білім және жастар ісі жөніндегі Еуропалық комиссар, Илиана Иванова, сондай-ақ Албания Премьер-министрі Эди Рама сөз сөйледі.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанның Болон процесіндегі табысты тәжірибесін таныстырып, ЕЖББК құру және жаңа елдермен дамуды жалғастыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізгенін атап өтті. Ол сондай-ақ Еуропа Кеңесінің, Еуропалық комиссияның, ENQA, EQAR, сондай-ақ BFUG үйлестіру және жұмыс топтарының (CG Global Political Dialogue, WG TPG C QA және PLA Group) басшыларымен, Орталық Азия елдерінің өкілдерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша келіссөздер жүргізді.
Конференцияда Болон процесінің параметрлерін іске асыру, жаһандық саяси диалог және білім алмасу талқыланды. Болон процесінің негізгі көрсеткіштері және білім беруде ЖИ қолдану арқылы цифрлық «жасыл дағдылар» бойынша сессиялар өткізілді.
Бүгін, 30 мамыр күні, Жаһандық саяси форумның пленарлық отырысы өтті. Талғат Ешенқұлов Қазақстан 14 жыл бұрын Болон процесіне қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болғанын атап өтті. Бұл заманауи білім беру трендтерін ұстануға және үздік халықаралық тәжірибелерді біріктіруге мүмкіндік берді. Қазақстан ЕЖББК-ға интеграцияланған Орталық Азияның жалғыз елі болып қала береді.
Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін (ОАЖБК) құру көрші елдермен байланысты нығайтады және студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етеді. Қазақстан білім беру бағдарламалары шеңберінде Орталық Азиямен белсенді ынтымақтастық ұстанады және білім беру бойынша Жаһандық диалог шеңберінде ОАЖБК-ны өңірлік қауымдастыққа айналдыруға ниетті.
Кездесуде Қазақстан жоғары білім беруді интернационалдандыруды белсенді түрде ілгерілетіп отырғаны, бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік білім беру қоғамдастығындағы беделін жақсартатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -