«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТ ОТЫРЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМЫНДА МАҚҰЛДАНДАНДЫ
Бүгін, 30 мамыр күні, ҚР Парламенті Сенаты отырысында депутаттар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.
Заңының негізгі міндеттері мен мақсаттары жайлы ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухұлы баяндады.
Сондай-ақ, заң жобаларын талқылау барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Министрлік қазір ғылымның басым бағыттарын өндіріспен қатар дамытып жатқанын атап өтті.
«Заң жобасында инновацияларға мемлекеттік қолдаудың үлкен пакеті қарастырылған. Бұл, ең алдымен, салық шегерімдері. Шегерімнің 150%-ы осы заң жобасын іске асыру шеңберінде енгізілетін болады», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Жалпы аталған заңдардың нормалары ғылымды дамыту және ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге арналған. Сенаторлардың ұсынған түзетулер ғылыми кадрлар даярлауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, ғылыми қызметкердің әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін іске асыра отырып, ғылым саласының стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -