«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТТА
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 51-тармағын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі №353 Жарлығымен бекітілген) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар бойынша іс–қимыл жоспарының 69-тармағын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен бекітілген) орындау үшін әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаты ғылымды дамыту және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыру, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру болып табылады. Заң жобасы құқықтық олқылықтарды жою, ғылыми кадрларды даярлауда жағдай жасау, ғылыми қызметкердің әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін іске асыру, корпоративтік басқаруды енгізу арқылы ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Заң жобасы ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге, ғылыми кадрларды даярлау үшін жағдайлар жасауға, ғылыми қызметкерді әлеуметтік қорғау кепілдіктерін іске асыруға, корпоративтік басқаруды енгізуге бағытталған.
Ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру, Ғылым қорының функционалын күшейту, Ұлттық Ғылым академиясын қайта құру, ғылыми қызметкерлерді, оның ішінде жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту жоспарлануда.
Бұдан бөлек ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру үшін оларға ай сайынғы қосымша ақы белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру шарттарын регламенттейтін түзетулер енгізілді.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің барлық комитеттерінде қаралып, оң қорытынды берілді.
Қазіргі уақытта Заң Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -