Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен кездесу туралы
Бүгін Бас прокуратурада Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Әнуар қазақстандық прокуратура қызметінің негізгі бағыттары және кадр мәселелері бойынша отандық заңнаманың соңғы өзгерістерін ескере отырып, қызмет өткерудің өзекті мәселелері туралы хабардар етті. Сонымен қатар, қатысушылар екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Өзбекстан Республикасының делегациясы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -