Жаңартылған ДЖБО ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрліктің ахуалдық орталығын жаңарту бөлігінде жөндеуден өткен және жаңғыртылған Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы ашылды.
Ашылу салтанатына министр Шыңғыс Әрінов, оның орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысып, жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен танысты.
Тұсаукесер барысында вице-министр Батырбек Әбдішев және Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің қызметкерлері заманауи цифрлық сервистерді, ақпараттық жүйелерді, ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру жүйелерін дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ байланыс және ақпараттандыру бөлімшелерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды.
Қайта форматталған ахуалдық орталықтың басты міндеті басқару шешімдерін қабылдау, сондай-ақ тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың жедел ден қоюы үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, ТЖ жою жөніндегі басқарудың бірыңғай органына келтіру болып табылады.
Жаңғыртылған ахуалдық орталықта қазақстандық өндірушілердің барлық жаңа әзірлемелері, заманауи ақпараттық технологиялар, үздіксіз 30 жұмыс орнын құрумен байланыс жүйелері, сондай-ақ қажетті тұрмыстық жағдайлары бар тәулік бойы кезекшілік атқару көзделгенін атап өткен жөн.
Бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық сервистерді жеткізушілер мен әзірлеушілер өз өнімдерінің функционалдық мүмкіндіктері туралы және осы жүйелерді министрлік бөлімшелерінің жедел қызметіне енгізу қызметкерлердің жұмыс процестерін қалай автоматтандыратыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі айда ауқымды жұмыстар барысында ішкі үй-жайлар қайта жоспарланып, конференц-залды, кеңес залын, республикалық жедел штаб мүшелерінің жұмыс орындарымен ахуалдық залды жайластыра отырып, ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ заманауи цифрлық жабдықтарды орната отырып, толық техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді.
Нәтижесінде министр атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ұсынылған даму бағыттарын қолдады, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою ісінде жаңа ақпараттық жүйелерді ұлғайту мен тиімді қолдану үшін бірқатар міндеттер қойды.
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -