18 шілде - Халықаралық Нельсон Мандела күні
Бүгін, 18 шілдеде біз бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен ұлы көшбасшыны еске алуға арналған ерекше күнді атап өтеміз. 2009 жылдың қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы оның әділеттілік пен адам құқықтары үшін күреске қосқан зор үлесін құрметтеп, осы күнді Халықаралық Нельсон Мандела күні деп жариялады.
Ар-ожданды бәрінен биік қойған, Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Нельсон Мандела түрмеде адам төзгісіз жағдайда 27 жыл жатып, қиындыққа сынбай, өмірін адам құқығы үшін күреске арнаған. Бұл күн дүние жүзіндегі адамдарды бейбітшілікті, әділеттілік пен теңдікті қолдау үшін бірігуге шақырған ұлы тұлғаға құрмет ретінде атап өтіледі. Біз Манделаның мұрасын құрметтейміз, оның күресін ұмытпай, ісін жалғастырамыз.
Көбіңіз Нельсон Мандела ережелері - тұтқындармен қарым-қатынастың ең төменгі стандарттар туралы естіген боларсыздар. Бұл қағидалар тұтқындарға адамгершілікпен қараудың негізгі стандарттары мен принциптерін белгілейді, олардың лайықты қарым-қатынас жасау, оңалту және адамның қадір-қасиетін құрметтеу құқығын көрсетеді.
Нельсон Манделаның осындай ережесінен кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдері: «Барлық тұтқындарға олардың туа біткен қадір-қасиеті мен адам ретіндегі құндылығы үшін құрметпен қарау керек. Бірде-бір тұтқын азаптауға немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын іс-әрекет пен жазалау түрлеріне ұшырамауы, барлық тұтқындар одан қорғалуы тиіс және оны ешқандай жағдай ақтай алмайды», - деп, республика бойынша түзеу мекемелеріне жүйелі түрде барады.
Басты міндет – сотталғандарды түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларына қатысты стандарттарды сақтау, олардың құқықтарын қорғау және адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша мониторинг жүргізу.
Тұтқындардың қандай болса да қорғалуы тиіс, ажырамас құқықтары бар адам болып қала беретінін есте ұстаған жөн. Сондықтан институт Нельсон Мандела ережелерін ұстанады және олардың тиісті органдар тарапынан сақталуын қамтамасыз етеді.
Біз мәртебесіне қарамастан әр адамға лайықты және ізгілікті қарым-қатынас жасалатын әділетті жүйе құру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.
Құрметпен,Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -