2024 жылы ПТР-диагностика әдісі арқылы 36 карантиндік объект анықталды
Қазақстан аумағында карантиндік объектілерді әкелуге және таратуға қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы дақылдарының вирусологиялық, бактериологиялық және фитопатологиялық ауруларын анықтау үшін нақты уақыт режимінде полимеразды тізбекті реакция әдісін пайдалана отырып, молекулалық-биологиялық зерттеулер арқылы жүргізілетін фитосанитарлық бақылау және мониторинг болып табылады.
ПТР-жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік және басқа да аса қауіпті объектілердің жасырын залалдануын анықтау үшін басқа мемлекеттерден импортталатын егіс және тұқым материалының бірегей үлгілерін диагностикалауды Орталық карантиндік зертхана, Алматы аймақтық карантиндік зертханасы, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасы, Сарыағаш қаласының шекара өткеліндегі карантиндік зертхана, Шығыс Қазақстан аймақтық карантиндік зертханасы, Шымкент қаласының карантиндік зертханасы жүргізеді.
2024 жылдың басынан бастап ҚР АШМ АӨК МИК Республикалық өсімдіктер карантині орталығының филиалдарымен 36 карантиндік объект анықталды.
Сарапшылар ПТР әдісі бактериялардың немесе вирустардың тіпті бірлік жасушаларын анықтауға, басқа әдістермен (микроскопиялық, иммунологиялық, визуалды, жуу әдісімен)
мүмкін
болмаған
жағдайда
ауру қоздырғыштарының болуын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. ПТР әдісі әсіресе культивацияланатын, культивацияланбайтын және жасырын түрде дамитын микроорганизмдердің түрлерін диагностикадан өткізу үшін тиімді.Бүгінгі таңда РӨКР базасында 8 ПТР-амплификатор бар, олардың көмегімен бактериологиялық, вирусологиялық және фитопатологиялық аурулардың ПТР диагностикасы белсенді жүргізіледі, 2025 жылға дейінгі кезеңде қалған карантиндік зертханаларды жарақтандыру үшін қосымша ПТР-амплификаторларды сатып алу жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -