Ақмола облысында құрылысы ұзаққа созылған мектеп пайдалануға берілді
Біржан сал ауданының Бұланды ауылындағы мектеп оқушылары үшінші тоқсаннан бастап жаңа мектепте оқуды бастады. Бүгін Бұланды мектебінің 80 орындық жаңа ғимаратына 56 оқушы мен мектеп ұжымы қадам басты.
Жаңа мектеп заманауи стильде салынған және барлық қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Әр кабинетке интерактивті тақталар орнатылған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзия кабинеті бар.
«Мектеп ғимараты жарық әрі кең. Мұнда білім алатын оқушылар заманауи талаптарға сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз», – деп атап өтті ата-аналар.
Айта кетейік, Бұланды ауылының мектебі 2019 жылы апатты деп танылып, 2021 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған. Құрылыс кезеңінде мектеп оқушылары орман шаруашылығы ғимаратында оқыған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -