Қыс басталғалы Қосшы қаласының аумағынан 45 мың текше метр қар шығарылды
Қала аумағындағы қауіпсіздікті және тұрғындардың ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы екі ауысыммен ұйымдастырылуда.
Күн сайын арнайы жүк көліктері шамамен 70 рейс жасап, 1500-ден астам текше метр қар тасымалдайды. Бұл жұмыстарға 40-қа жуық арнайы техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдырылған.
Депутаттар, жастар мен қоғам белсенділері түнгі аусымда жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға ыстық бауырсақ пен шәй ұсынуды әдетке айналдырған.
Қар тазалау жұмыстарына «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Олар ең алдымен негізгі көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және көпқабатты үйлердің аумақтарын қардан тазартады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -