«Ашық диалог» жобасының аясында Бірлік шағын ауданында кездесу өтті
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «Ашық диалог» жобасы аясында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Бірлік шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Іс-шара №22 орта мектептің акт залында өтті, онда тұрғындар күнделікті өмірде оларды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылай алды. Аудан тұрғындары жарықтандыруды жақсарту, сумен жабдықтау, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты бірнеше маңызды мәселелерге тоқталды.
«Облыс әкімі электрмен және жылумен жабдықтау жүйесімен айналысуды тапсырды, сонымен қатар халықпен тығыз байланыс жасау керектігін айтқан болатын. Мен сіздермен танысуды және сұрақтарыңызды есту үшін келдім. Бірнеше сұрақтар қойдыңыздар және олардың барлығының шешімі бар деп ойлаймын. Дәріхана жазға қарай пайда болады, ал жол туралы біз депутатпен бірге жағдайды зерделейтін боламыз», — деді Әнуар Күмпекеев.
Қала әкімі тұрғындарды көтерілген барлық мәселелер оның жеке бақылауына алынып, қысқа мерзімде шешілетініне сендірді. Ол ТКШ бөліміне маршруттардың қозғалыс сызбасын талдауды және шағын аудан тұрғындарының тілектерін ескере отырып, ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Кездесу барысында қала басшылығы бизнестік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде шағын ауданның көркеюіне үлес қосып, сквер салып берген «Kazrost Engineering» ЖК өз алғысын білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -