ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Велосипед күні ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Велосипед күнін ұйымдастырды. Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, жасыл экономикаға көшуді қолдауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Университет студенттері, оқытушылары және қызметкерлері бұл күні жеке көліктерден бас тартып, велосипед және самокат сияқты экологиялық таза көлік түрлерін таңдады. Кейбір қатысушылар жаяу жүріп, денсаулыққа пайдалы әрі қоршаған ортаға зиянсыз қозғалысты қолдайтындықтарын көрсетті.
Шара барысында велосипедпен жүрудің денсаулыққа пайдасы, қалалық экологияны жақсартудағы рөлі туралы ақпараттық сессиялар өткізілді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған челлендждерге қатысты.
ҚазҰУ басшылығы бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, экологиялық таза көлік түрлерін пайдалану университет мәдениетінің бір бөлігіне айналатынына сенім білдірді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қоса бермек.
Университет басшылығы бұл челлендждің дәстүрлі түрде өткізілуін қолдайтынын, алдағы уақытта осындай экологиялық бастамалар жалғасын табатынын атап өтіп, велосипедпен жүруге басымдық беру керектігіне тоқталды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл шара ҚазҰУ жастарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -