Халықаралық балалар күніне орай
Бас прокуратура Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында прокуратура қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шараны Қазақстан прокурорлар қауымдастығымен бірлесіп өткізді.
Балалар Президенттік орталықтың музейінде еліміздің тарихы және мәдени мұрасы туралы мол мағлұмат алды, музей қорындағы қызықты экспонаттармен танысты, сондай-ақ әртүрлі көңіл көтеретін ойындарға белсенді қатысты.
Жастар – елдің үміті және болашағы. Сондықтан бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдері мен рухани құндылықтарын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -