ҚР ОСК Төрағасы неміс әріптестерімен кездесулер өткізді: Астана қаласы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР ОСК Төрағасы неміс әріптестерімен кездесулер өткізді

2025 жылғы 11-12 наурызда германия тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Германия Федеративтік Республикасына барды, онда германилық әріптестерімен екіжақты кездесулер өтті.

Кездесулердің басты мақсаты сайлау құқығы мен сайлау процесі саласындағы тәжірибені зарделеу және онымен бөлісу. Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен және 2022 жылы республикалық референдумда халық қолдаған конституциялық реформаны іске асыру контексінде сайлау жүйесінің ауқымды трансформациясы туралы ақпарат неміс тарапының ерекше қызығушылығын тудырды.

Сонымен, ГФР ІІМ Сайлау және партия құқығы (V I 5) рефрерат басшысы Бен Беменбургпен (Dr. Ben Behmenburg) кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар сайлау процесінің өзекті трендтерін талқылады, сайлау жүйелерінің ерекшеліктері, өз елдерінде сайлау науқандарын ұйымдастыру және өткізу, сайлау мен референдумдарды ұлттық және халықаралық бақылау туралы хабардар етті. Тараптар электоралдық салада ынтымақтастық орнатуға, тәжірибе алмасуға және зерделеуге қызығушылық танытты. Сонымен қатар, Б.Беменбург мырза «техникалық манипуляциялар, ешкім жоққа шығара алмайтын сыртқы шабуылдар» қаупі бар екенін атап өтіп, Германияның электронды дауыс беруге деген көзқарасын, учаскелерде бейнекамералар жоқ және сайлау комиссиялары мүшелері мен бақылаушыларды фото-, бейнетүсірілімге тыйым салынғанын айтты. Бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың белсенді сайлау құқығына қатысты, ол бір жылдан астам мерзімге сотталған адамдар қамау кезінде сайлау құқығынан айырылатынын, ал сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға Федералдық Конституциялық соттың жақындағы шешімімен дауыс беру құқығы берілгенін, алайда бұл шешім қоғамда пікірталас тудырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, НұрланӘбдіровФридрихЭбертатындағықордыңқұрылғанына100 жыл толуынаарналған іс-шарағақатысып, оныңбасшысыМартин Щульцпен кездесті.

Қор әлеуметтік-демократиялық құндылықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге арналған коммерциялық емес қоғамдық қауымдастық болып табылады және 100-ден астам елде өкілдіктері бар. Орталық Азияда Ф.Эберт атындағы қорының өкілдігі 1993 жылдан бастап қызмет етеді. 2014 жылдан бастап қордың Орталық Азиядағы өңірлік қызметі Алматы қаласынан үйлестіріліп келеді. Қор қызметінің негізгі міндеттері азаматтық, демократиялық, құқық қорғау құрылымдарын нығайту; әлеуметтік және экономикалық дамуды тұрақтандыру, өңірлік ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Халықаралыққұқықтықынтымақтастыққорында(IRZ)Қазақстан Ортсайлау ком басшысыIRZатқарушыдиректорыШтефан Хюльсхёрстермен(Dr.Stefan Hülshörster) кездесті.

Кездесуде екі елде қолданылатын сайлау жүйелеріне қатысты нәтижелі пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, Германия тарапы олардың елінде ұлттық байқау институты жоқ екенін, бірақ халықаралық байқаушылар жергілікті билік органдарына хабарлаған жағдайда дауыс беру процесін еркін байқауға құқылы екенін түсіндірді. Нұрлан Әбдіров заманауи технологиялардың сайлау процесіне әсеріне, атап айтқанда, сайлауға деген сенімге нұқсан келтіретін әлеуметтік желілердің, терең фейктердің және басқа технологиялардың әсеріне байланысты мәселелерге ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сайлау процесі саласындағы ресми байланыстарды жалғастыру және ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты. Неміс тарапы қазақстандық мамандарды IRZ ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға (семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер) шақыруға дайын екендігін білдірді.

Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ) 1992 жылы федералды Әділет министрлігінің (қазіргі Федералдық әділет және тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрлігі) бастамасымен құрылды. Федералды үкіметтің тапсырмасы бойынша IRZ серіктес мемлекеттерге процестік-құқықтық базаны қоса алғанда, тәуелсіз және жұмысқа қабілетті әділеттілікті қалыптастыру процесінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелерді Еуропалық одақ құқығына сәйкестендіру процесінде қолдау көрсетеді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар