«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ: Түркістан облысы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған.

Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды.

Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді.

Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары да назарға ұсынылды.

Айта кетейік, бұл шара халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуге және жастарды ата-баба дәстүріне жақындатуға арналған. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы, рухани құндылығымыздың бір бөлігі. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерін жандандыруға атсалысу жалғасын таппақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған.

Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды.

Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді.

Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары да назарға ұсынылды.

Айта кетейік, бұл шара халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуге және жастарды ата-баба дәстүріне жақындатуға арналған. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы, рухани құндылығымыздың бір бөлігі. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерін жандандыруға атсалысу жалғасын таппақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар