ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ: Түркістан облысы, 17 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесуде қос тарап Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда ауыл шаурашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жөнінде келіссөз жүргізді. Өңір басшысы аймақта өндірісті дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

– Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс өте жоғары. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірімізден ашу тиімді болады. Арнайы ғимарат, жер және инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

«Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанова әріптестік орнатуға қолайлы жағдай ұсынған облыс басшылығына алғысын айтты. Түркістанның әлеуеті жоғары екеніне тоқталды. Облыс аумағындағы өндірістік паркке арнайы барып, ғимаратты көретінін айтты. Сонымен бірге мамандар келіп, жан-жақты зерделейтінін жеткізді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруде АҚШ пен Қытайдың да үлгілері қолданылмақ. Келіссөздер жалғасып, жақында тиісті шешім қабылданады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің» бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарланған. Бұл ретте арнайы зауыт ашу жоспары да қарастырылып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесуде қос тарап Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда ауыл шаурашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жөнінде келіссөз жүргізді. Өңір басшысы аймақта өндірісті дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>– Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс өте жоғары. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірімізден ашу тиімді болады. Арнайы ғимарат, жер және инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>«Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанова әріптестік орнатуға қолайлы жағдай ұсынған облыс басшылығына алғысын айтты. Түркістанның әлеуеті жоғары екеніне тоқталды. Облыс аумағындағы өндірістік паркке арнайы барып, ғимаратты көретінін айтты. Сонымен бірге мамандар келіп, жан-жақты зерделейтінін жеткізді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруде АҚШ пен Қытайдың да үлгілері қолданылмақ. Келіссөздер жалғасып, жақында тиісті шешім қабылданады. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің» бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарланған. Бұл ретте арнайы зауыт ашу жоспары да қарастырылып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар