Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады: Жетісу облысы, 18 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады

18:01 кеше - 18 Наурыз 2025 жылдың 2 Жетісу облысыЖетісу облысының әкімдігі
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады

Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады

Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады

Кеше облыс әкімі Бейбіт Исабаев Төтенше жағдайлар департаментінің және «Қазселденқорғау» ММ филиалының басшылығымен бірлесіп Жетісу Алатауы тауларына аэровизуалды тексеру жүргізді. Әуеден бақылау барысында су тасқынының алдын алу мақсатында таулы өңірлердегі қар жамылғысы деңгейі мен қардың еру процесіне зерделеу жасалды. Сондай-ақ аудан, қала әкімдері жергілікті жерлерде селдің алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте Көксу, Көктал, Қоғалы, Биен, Ақсу, Сарқан, Ағынықатты, Лепсі, Кіші және Үлкен Басқан өзендерінің бассейндерінің қазіргі жағдайына назар аударылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар депарматентінің мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні теңіз деңгейінен 1500-2000 м биіктіктегі қар жамылғысының қалыңдығы 30 см-ден 70 см-ге дейін, өзен арналарында жиекмұздар, кептелістер жоқ, судың өтуі кедергісіз. Мореналық көлдер қысқы режимде. Төменгі Жасылкөл үйінді көлінің көлдің жағалау бойындағы акваториясы біртіндеп мұз бен қардан босатылуда.

Әуеден бақылау барысында өзен бассейндеріндегі гидрологиялық жағдай маусымдық ауа райына сәйкес екені анықталды.

Облыс әкімі су тасқыны жағдайын болжау мен талдауға мүмкіндік беретін мұндай мониторингілеу жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу керектігін атап өтіп, су тасқыны қаупінің алдын алуды қамтамасыз етудің кешенді шараларын күшейтуді тапсырды.

Атап өтсек, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық шеңберінде өткен жылы 34 іс-шара атқарылды. Ал биыл бұл мақсатқа 1,9 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа бірқатар магистралды каналдарды жөндеу, су тасқыны қаупі бар 2 өзенде нығайту, тереңдету жұмыстары және профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Жалпы су тасқыны жағдайының күрделенген кезеңіне дайындық ретінде бүгінгі күнге аудан және қала әкімдіктерімен 16 мың тонна инертті материал, 112 тонна жанар-жағармай мен 189 мотопомпа дайындалды. Инженерлік техниканы тарту бойынша шаруашылық субъектілерімен саны 101 меморандум жасалды. Өңірде 235 эвакуациялық пунктер әзірленді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар