Жетісу облысында Наурыз мерекесі аясында 5 мың ағаш отырғызылады: Жетісу облысы, 19 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жетісу облысында Наурыз мерекесі аясында 5 мың ағаш отырғызылады

15:01 кеше - 19 Наурыз 2025 жылдың 2 Жетісу облысыЖетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында «Жаңару күні» бұлақтың көзін ашу мен ағаш егуден басталды. Талдықорғанда өткен бұл экологиялық шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, ерікті жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, түрлі мекемелердің ұжымдары, қала тұрғындары қатысты. Жалпы Наурыз мерекесі аясында өңірде 5 мың жас ағаш көшеттері егіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бейбіт Исабаев пен өңір ардагерлері дәстүрге сай алдымен қаланың шығысында орналасқан тоғайда бұлақ бастауының көзін ашты. қан герлері бұдан кейін «Көктем» скверінде жас ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты. Экологиялық шара барысында белгілі айтыс ақыны Айтақын Бұлғақов осы бұлақты мерекенің құрметіне «Наурыз» деп атауды ұсынып, бұл көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Осы күні «Көктем» скверіне жапырақты және қылқан жапырақты 200 ағаш егілді.

- Өздеріңізге белгілі, өткен жылдан бері Президенттің бастамасымен Наурыз мерекесі Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес он күн бойы атап өтіледі. Соған орай онкүндіктің алтыншы күні ағаш отырғызуға арналып отыр. Осы үлгі арқылы біз болашақ ұрпақты табиғатты аялауға, айналасын көгалдандыруға, Жер-Анаға мейіріммен қарауға үйретеміз. Жетісу өңірі – шыбық шаншысаң тал болатын, сулы-нулы жер. Сондықтан Талдықорғанды атына заты сай, ауасы таза, жасыл желекті қалаға айналдыруға барлық мүмкіндік бар. Бүгінгі акция бір реттік шара емес. Біз облыс көлемінде көгалдандыру жұмыстарын жыл бойы жүргіземіз. Биыл өңірде 120 мың ағаш отырғызу жоспарланған, соның 5 мыңға жуығы Наурыз күндері отырғызылады, - деп атап өтті Б.Исабаев.

Экологиялық акцияға қатысушылардың бірі Нұрайжан Жапкен – жастардың өкілі:

- Мен І. Жансүгіров атындағы колледждің бірінші курсында оқимын, колледждің президентімін. Өзім осындай қоғамдық жұмыстарға үнемі белсене қатысамын. Өлкеміздің табиғатын таза ұстау, көгалдандыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ол үшін ағаштарды көптеп егудің маңызы зор. Бұл экологиямыз үшін пайдалы, - деді ол.

Наурызбен құттықтаған еңбек ардагері Мынавар Махмутова:

- Бүгін жұртшылықпен бірге бұлақтың бастау көзін ашып, ағаш ектік. Осы акцияға жастардың көптеп қатысқанына қуандым. Бұл олардың жауапкершілігі мен елжандылығын, қоршаған ортаға деген қамқорлығын танытады. Баршаларыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жетісу – біздің ортақ үйіміз, сондықтан табиғатымызды аялай білейік, - деді ол.

Атап өтсек, «бұған қоса Талдықорғандағы «Ардагерлер» саябағында 50 ағаш егілді. Ал облыс орталығында биыл жалпы саны 12 мың көшет отырғызылады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар