ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы тағайындалды.Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында туылған, қазақ, білімі жоғары.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары.2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -