ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ: Түркістан облысы, 18 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

Бүгін Арыс қаласында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған «Наурыз көктем – Этно Fashion» атты ерекше флешмоб пен шеру өтті. Қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойымен бастау алған сән көрсетілімі орталық алаңда қорытындыланды. Аталған шараға 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

Флешмоб барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды. Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардан бастап, орта жастағы азаматтар, жастар мен жасөспірімдер өз жас ерекшеліктеріне сай ұлттық киім үлгілерін паш етті. Әжелер кимешек пен сәукеле тағып, ер азаматтар шапан мен бөрік киіп, ал жастар заманға сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүріп келе жатқан сәндік шеруді қызыға тамашалап, естелік суреттерге түсті. Кейбіреулері ұлттық киімдердің әсемдігіне таңданысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керектігін атап өтті.

«Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы мен сәндік шеруі – ұлтымыздың сән өнері мен дәстүрін жаңғыртып, жас буынға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің таптырмас үлгісі болды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Бүгін Арыс қаласында Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған «Наурыз көктем – Этно Fashion» атты ерекше флешмоб пен шеру өтті. Қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойымен бастау алған сән көрсетілімі орталық алаңда қорытындыланды. Аталған шараға 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Флешмоб барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды. Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардан бастап, орта жастағы азаматтар, жастар мен жасөспірімдер өз жас ерекшеліктеріне сай ұлттық киім үлгілерін паш етті. Әжелер кимешек пен сәукеле тағып, ер азаматтар шапан мен бөрік киіп, ал жастар заманға сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін жұртшылық назарына ұсынды. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде жүріп келе жатқан сәндік шеруді қызыға тамашалап, естелік суреттерге түсті. Кейбіреулері ұлттық киімдердің әсемдігіне таңданысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керектігін атап өтті. <p class="html-span xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs x3nfvp2 x1j61x8r x1fcty0u xdj266r xat24cr xgzva0m xhhsvwb xxymvpz xlup9mm x1kky2od"></p>«Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы мен сәндік шеруі – ұлтымыздың сән өнері мен дәстүрін жаңғыртып, жас буынға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің таптырмас үлгісі болды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар