«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ» ФОРУМЫНДА ТАРИХИ ШАҺАРДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ: Түркістан облысы, 19 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ» ФОРУМЫНДА ТАРИХИ ШАҺАРДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм саласындағы бизнес және ірі компания өкілдері, сарапшылары мен қолөнершілері қатысты.

Шара Түркістанды түркі әлемінің орталығы ретінде алыс-жақын елдерге танытуға, қаланың туристік әлеуетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Республикалық форум аясында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: дамуы мен болашағы» атты пленарлық отырыс ұйымдастырылып, Италиялық-Қазақстандық сауда қауымдастығының вице-президенті Олжас Шынтаев модераторлық етті. Форумда Түркістанның әлемдік туристік картасында өз орнын алуы үшін жаңа идеялар мен стратегиялық шешімдер ұсынылды. Жергілікті билік, кәсіпкерлер және халықаралық серіктестер өзара пікір алмасып, ой бөлісті.

Басқосуда Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан облысының туристік әлеуетіне тоқталып, жан-жақты ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

– Бұл форум – еліміздегі және облысымыздағы туризмнің дамуын жаңа деңгейге көтеру, өзекті мәселелерді талқылау және болашақ мүмкіндіктерді қарастыру алаңы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Туризм аймақтардың дамуына серпін беретін сала болуға тиіс. Жергілікті жердегі республикалық және халықаралық іс-шаралар өңірлердің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді» деді. Өңірімізде облы әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен туризм саласын дамытуға басымдық берілген. Түркістан облысы – тарихы терең, мәдени мұрасы бай, туристік әлеуеті зор аймақ. Бүгінгі таңда өңіріміздің дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі – туризм. Облыста туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту, өңірдің туристік әлеуетін дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру басты назарда. Сондай-ақ, қонақүйлер мен демалыс орындарын салу, инвестиция тарту және жаңа туристік маршруттарды құру арқылы туристерді тарту жұмыстары да жүргізілуде. Түркістанның туристік әлеуетін дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз бұл бағытта мемлекеттік қолдауды күшейтіп, кәсіпкерлермен, инвесторлармен және туризм саласындағы мамандармен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайынбыз. Баршаңызды Түркістан облысының туризм саласының өркендеуіне белсенді атсалысуға шақырамын! – деді Зұлпыхар Жолдасов.

Жиында Түркістандағы Түркия Республикасының Бас консулы Илкер Пак та құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс «Түркістанның ішкі және келу туризмін дамытуда тиімді стратегиялық шешімдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңының тетіктері және жоспарлар» тақырыбында, Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева «Түркістан облысында қытайлық туристердің сұранысын арттыру жолдары: Қытай нарығымен жұмыс істеу стратегиясы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов «Түркістан облысының туристік әлеуеті және даму бағыттары» туралы ақпарат берсе, «SkyWay» туристік компания басшысы Әсем Қозбағарова «Дестинацияларды ілгерілету: Туризм маркетингіндегі жаңа тәсілдер мен стратегиялар» бойынша, «Qazaq Oner» орталығының негізін қалаушы, қолөнер шебері Айгүл Жансерікова «Қолөнер және туризм: Жергілікті өнердің туристік тартымдылығын арттыру» тақырыптарында баяндап, қатысушылармен пікір алмасты.

Туризм саласы бойынша былтыр облыстың негізгі капиталына 79,2 млрд.теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 48%-ға артты. Биыл өңірде «Қолөнер қалашығы», «Күлтөбе» қалашығы жобасы, «Arena Aquatica Turkestan», «Yassy Hall and Apartment», «Platinum» қонақ үйлері және тағы басқа туристік инвестициялық жобалар іске асырылуда. Түркістан қаласында аквапарк және белсенді демалыс аймақтары бар бес жұлдызды қонақүй құрылысы басталады.

2024 жылы Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе өңірдің халықаралық аренада танылуына және туристік ағынның артуына ықпал етті. 2025 жылы Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заңның қабылдануы – өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін тарихи оқиғаға айналды. Түркістанның жаңа мәртебесі оның инфрақұрылымын, мәдениетаралық байланыстарын және экономикалық жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер етпек. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар