ТҮРКІСТАН: СОЗАҚҚА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ ауданына облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен көше тазалығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жаңа техникалар жеткізілді. Бұл бастама облыстық бюджет есебінен жүзеге асып, ауданға 10 арнайы техника мен 12 ауылдық және кент округтеріне трицикл мототехникалары табысталды.
Техникалар ауданның тазалығы мен коммуналдық қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін маңызды рөл атқарады.
«Өткен жылдан бері елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы біздің ауданымызда да кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін ауданымызға қосылған жаңа техникалар – бұл облыс әкімдігі тарапынан берілген материалдық көмек қана емес, ауылдың тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы маңызды бастама. Бұл – ауданымыздың көркеюіне, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға қосылған зор үлес», деді аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов.
Шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев ауылдардың тазалығын сақтап, коммуналдық қызметтердің тиімді жұмысын қамтамасыз етуде арнайы техникалар мен трицикл мототехникалары үлкен көмек көрсетеріне сенім білдірді. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жылы лебізін білдіріп, ақ батасын арнады.
Айта кетейік, жаңадан жеткізілген техникалар тазалық және коммуналдық жұмыстарына арналған. Өңірде «Таза Қазақста»н бағдарламасы аясында жүйелі жұмыс жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -