ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түлкібас ауданы аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суармалы жерін қамтитын жалпы саны 13 су нысанын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын тиісті салада тәжірибесі мол «АТК 777» мердігер компаниясы жүзеге асыру үстінде. Түлкібас ауданында жөнделіп жатқан 13 каналдың жалпы ұзындығы 123 шақырымды құраса күрделі жөндеу барысында соның 77 шақырымы бетондалуы тиіс.
Құрылысқа жауапты серіктестік өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда тиісті меженің 60 шақырымы сапалы бетондалған.
Яғни ауқымды жоба құрылысы шамамен 80 пайызға орындалып үлгерген. Жазғы маусымдағы егіндікті суару кезеңінде де шаруалар ағын сумен қамтылып отырған.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директоры Қазыбек Қошқарбекұлының тапсырмасы негізінде, мердігер мекеме құрылыс барысында бетондалып үлгерген арналар арқылы тұрғындарға су жіберуге ыңғайлы мүмкіндік жасап отыр.
Қазіргі таңда, «АТК 777» ЖШС көктемгі күнін ұтымды пайдаланып, каналдар құрылысын үзіліссіз екі ауысыммен жүргізіп келеді. Ол үшін дәл қазіргі таңда қарқынды құрылысқа мердігер мекеменің 150-ге жуық жұмысшысы мен арнайы техникалары жұмылдырылып отыр. Компания басшылығының айтуынша, әзірге ауа райы қарасып тұрса құрылыс жұмыстарын барынша жеделдетіп маңызды су нысандарын биыл аяқтап тапсыруға мүмкіндігіміз бар дейді. Ең бастысы, түлкібастық шаруалар үшін маңызды нысандардың тапсырылу мерзімі де алыс емес.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -